Қызылорда облысының полицейлері жергілікті тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі тапты.
ҚР Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру шараларын жүргізді. Сондай-ақ, оған Қармақшы аудандық полиция бөлімі, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағы атсалысты.
«Іс-шара барысында облыс тұрғынынан аса ірі мөлшерде есірткі мен құжатсыз қару табылды. Қармақшы ауданының тұрғынының сарайынан 1 қапқа және 3 полиэтилен пакетке салынған өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп тәріздес зат табылды. Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген шөп тәріздес зат салмағы 10 келіден астам кептірілген марихуана болып шықты. Күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізілуде», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Фото: ПД баспасөз қызметі
ПІКІР ЖАЗУ