Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті контрабандаға қарсы күрес жөніндегі бас басқармамен бірге елге Қазақстаннан ескі жүк көліктерін заңсыз әкелген қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.
«Ақшабар» порталының ақпараты бойынша, ҰҚТ қатысушылары заңнамадағы кемшіліктерді пайдаланып, Қырғызстанға жеті жылдан асқан жүк көліктерін әкелді.
Бұл ретте олар ЕАЭО-ға кірмейтін елдер үшін Бурабай хаттамасында көзделген төмендетілген кедендік мөлшерлемелерді қолданды.
ПІКІР ЖАЗУ