Санжарали Бегалиев Азия чемпионы атанды

Шымкенттік боксшы Санжарали Бегалиев Азия чемпионы атанды!

Астанада бокстан Азия чемпионаты аяқталды, оған әлемнің 35 елінен 500-ден астам спортшы қатысты.

Турнирдің сенсациясы 75 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен шымкенттік студент Санжарәлі Бегалиевтің жеңісі болды.

Е.Юсупов атындағы № 104 мектептің 11-сынып оқушысы финалдық кездесуде үнділік боксшы Рахул Кундумен кездесіп, 4:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.