Істі Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сот отырысы барысында ер адам өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінді.
«Жәбірленуші С. Сурдоаудармашының көмегімен К. телефонды зарядтауды талап еткенін, сосын оны қорлап, әдепсіз сөздермен сөйлей бастағанын түсіндірді. Өзінің денсаулық жағдайына байланысты жолаушыға оның әдепсіз мінез-құлқы туралы түсіндіре алмадым, тек қана көлікті тоқтаттық «, — делінген іс материалдарында.
Сот қаулысымен жолаушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
ПІКІР ЖАЗУ