Александр Бублик жұптық сында Рим турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші жұптық сында Рим мастерс турнирінің ширек финалына өтті. 

Қазақстандық спортшы америкалық Бен Шелтонмен бірге екінші айналымда бразилиялық Марсело Мело — германиялық Александр Зверевтен айласын асырды.

Бірінші партияда бразилиялық-германиялық жұп айқын басымдылық танытты — 6:2. Есесіне екіншісінде Бублик — Шелтон қарымта қайырды — 6:3. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 10:7.

Бір сағат 21 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық-америкалық дуэт 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Мело — Зверев 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Бублик — Бен Шелтонның ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Фото: ҚТФ


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)