Алматыда 6,5 млн айыппұлдан жалтарып жүрген жүргізуші ұсталды

Алматы полициясы 6,5 миллион теңге айыппұл төлемеген шетелдік көлікті анықтады. Жүргізуші жол ережесін 189 рет бұзған.

Әкімшілік айыппұлдары төленбеген көлік тізгінін ұстаған жүргізушілерді анықтаумен айналысатын жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлері бар «Zeekr» маркалы автокөлікті анықтады.

Аталған көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында ұсталды. Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 миллион 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, — деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Фото: instagram.com/almaty_police_department