Қазақстан 20 жыл ішінде алғаш рет әйелдер күресінен Олимпиадасыз қалды

Еркін күрестен Қазақстан әйелдер құрамасы Стамбулдағы іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша 2024 жылғы Олимпиадаға лицензия ала алмады.

Түркия астанасындағы жарыс олимпиадалық жолдамаларды жеңіп алудың соңғы мүмкіндігі болды. Қазақстандықтар барлық алты салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, бірақ бірде-бір салмақ дәрежесінде 1/8 финалдан да оза алмады.

Спортшылар жұбаныш раунды арқылы лицензия үшін сайысқа түсуге мүмкіндік алды. Оған турнир барысында әр салмақ дәрежесінде финалдаушылардың біреуіне жеңіліп қалған қыздар кірді.

Алайда, қазақстандықтарды жеңген спортшылар мықтылардың қатарына кіре алмады. Осылайша, сенбі күні өтетін жұбаныш раундында республика өкілдерінің ешқайсысы өнер көрсетпейді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...