Атырауда сауда орталығындағы ойын алаңында 10 жасар қыз биіктен құлап, жарақат алған

Атырауда сауда орталығындағы ойын алаңында 10 жасар қыз биіктен құлап, жарақат алған.

Оқиға, 9 мамыр күні кешкі мезгілде Атырау қаласында орналасқан сауда орталығындағы ойын алаңында болған.

Ойын алаңындағы қорғаныш белдігі үзіліп, жасөспірім биіктен құлаған. Соған байланысты ата-анасы оқиға орнына жедел жәрдем бригадасын шақырған.

«Жедел жәрдем бригадасының дәрігерлері жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Аурухана дәрігерлері 10 жасар қыздың сол жақ шынтақ буынының жабық жарақаты барын анықтады. Мұндай жарақат оң жамбасында да болған. Дәрігерлердің тексеруінен соң стационарлық емдеу шарасы қажеттігі туындамады. Сол себептен, жарақат алған жасөспірім амбулаторлық ем алу үшін үйіне жіберілді», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Фото: Pixabay


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!