Тоқаев: Қазақстанда 2030 жылға қарай 11 мың шақырымды жөндеп, 5 мың шақырымнан астам жаңа темір жол тартамыз

Тоқаев ұзақмерзімді интеграцияны құрудың негізгі шарты деп сыртқы нарықтармен көлік байланысының тұрақты жүйесінің болуын атады.

 

Бүгінгі таңда еуразиялық көлік жүйесі Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы тиімді сауда байланысын қамтамасыз етеді. Дегенмен, алдағы онжылдықтарда Еуразиялық аймақтағы инфрақұрылымның тозуы айтарлықтай байқалады және оны жаңарту қажеттілігі одан сайын арта түседі. Сондықтан көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту және кеңейту басым мәселе болып табылады. Рельс төселген жерде жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады деп бекер айтпаған.

Сондықтан Қазақстанда 2030 жылға қарай 11 мың шақырымды жөндеп, 5 мың шақырымнан астам жаңа темір жол тартуды жоспарлап отырмыз.

«Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасы аясында Қытайдың Сиань қаласында Қытай-Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымал көлемінің 40%-ға дейінгі үлесін құрайтын қазақстандық терминал салынды.

Сондай-ақ Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан шекараларында және Каспий теңізінде 5 трансшекаралық көлік-логистикалық хабты іске қосу жоспарлануда, деді президент.