Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев сатып алатын көліктің құны 10 миллион теңгеден жоғары болса, оның үстіндегі артық ақшаны сатып алушы өз қалтасынан төлейтінін айтты, деп хабарлайды «ozgeris.info».
— Жеңілдікпен көлік алуға берілетін кредит лимиті – 10 миллион теңге. Егер көлік құны 10 миллион теңгеден жоғары болса, қалған қаржыны сатып алушы өз қалтасынан төлейді. Жеңілдетілген кредит көліктің маркасына қарамастан, барлық көлікке беріледі. Ал кредиттің 10 миллион теңгеге дейін берілетін себебі, мәселен, 25 миллионға көлік алуға қаржылық мүмкіндігі бар адам жеңілдетілген кредитсіз-ақ көлік сатып ала алады емес пе?, – деді ол.
Күні кеше ғана Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа көлік тапшылығы туралы айтқан еді.
— Енді көлік сатып алу үшін алғашқы жарна төлемей, 7 жылға 4 процентпен несие беріледі. Осы мақсатқа «Жасыл даму» компаниясы 100 миллиард теңге бөледі, – деді Роман Скляр.
ПІКІР ЖАЗУ