Жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларацияны енді Kaspi.kz мобильді қосымшасында тапсыруға болады

Ағымдағы жылдың сәуір айында қолданыстағы электрондық сервистермен қатар Kaspi.kz мобильді қосымшасында жаңа ыңғайлы сервис іске асырылды. Онда жеке тұлғалар 250.00-нысанды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсына алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Биыл дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылар (қатысушылар), сондай-ақ олардың жұбайлары «кіру» декларациясын (250-00-нысан) ұсынуға  міндетті.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап осы декларацияны халықтың қалған санаттары ұсынуға міндетті.

Халыққа ыңғайлы болу үшін Салық төлеушінің кабинеті, (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы, Halyk, bcc.kz және Kaspi.kz банктердің мобильді қосымшалары арқылы декларацияны тапсыруға арналған электрондық сервистер іске қосылды.

      Kaspi.kz мобильді қосымшасында 250.00-нысанды декларацияны тапсыру туралы толығырақ «Гид» бөлімінен оқысаңыз болады.

Декларацияларды тапсыру мерзімі – 2024 жылғы 15 қыркүйекке  дейін.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора