Президент Қаржы министрі Мәди Тәкиевті қабылдады

Министр 3 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке шамамен 4,5 трлн теңге түскенін айтты.

Ағымдағы қаржы жылына шығын баптарын 300 млрд теңгеге қысқарту ұсынылды. Бұл қаражат барынша экономикалық қайтарымды іс-шараларға қайта бағдарланатын болады.

Тақиев президентке салықтық әкімшілендірудегі жаңалықтар туралы айтып берді.

Ол сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау жоспарлары туралы хабарлады. «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң жобасы сатып алу рәсімдерін жеңілдету мен дебюрократизациялауды, құрылыс нарығын монополиясыздандыруды, барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды бірыңғай сатып алу платформасына көшіруді көздейді.

Президент мемлекеттік қаржының жағдайын жақсарту жөнінде бірқатар міндеттер қойды. Атап айтқанда, бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ осы саланы цифрландыру жолымен салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!