ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Г.Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан заңсыз әрекеттер бойынша тергеуді аяқтады.
Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауныша, қазіргі уақытта процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды аяқтады.
Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Г. Сатыбалдыға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі»,-делінген хабарламада.
Фото: Sputnik.kz
ПІКІР ЖАЗУ