3,5 жылға бас бостандығынан айырылған Сәтпаевтың бұрынғы әкімі Шапағат Әубәкір үкімге шағымдануға тырысты.
Ұлытау облыстық сотының ақпараты бойынша, апелляциялық алқа оның апелляциялық шағымын қарады.
«Облыстық соттың апелляциялық сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды, сотталған Әубәкірдің, оның қорғаушы-адвокатының апелляциялық шағымдары және прокурордың апелляциялық өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды», — делінген сот хабарламасында.
Іс материалдарынан келіп шығатыны, 2024 жылдың ақпан айында Әубәкір қала әкімі бола тұра Сәтпаевтың жолдарын күтіп ұстайтын жеке кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу шартының сомасын ұлғайтуға және оның мерзімін ұзартуға жәрдемдескені үшін 10 млн теңге көлемінде пара алған.
Екі сотталушы да өз кінәсін толық мойындап, соттан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Шапағат Әубәкір мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкер 200 млн теңге көлемінде айыппұл алды.
ПІКІР ЖАЗУ