Екібастұздағы электр стансасы 640 млн теңгенің салығын төлемей келген

Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы № 2 МАЭС корпоративтік табыс салығынан жалтарып келгенін анықтады. Қазіргі күні тиісті өндіру шаралары қабылданды. Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы хабарлады.

«Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде Екібастұз № 2 МАЭС кәсіпорнының бюджетке 640 млн теңгеден астам салықты төлеу жөніндегі міндеттерін орындамау фактісі анықталды. Қадағалау актісі бойынша салық төлеушіге қатысты тиісті өндіру шаралары қабылданды. Нәтижесінде аталған станса жоғарыда көрсетілген сомадағы корпоративтік табыс салығын бюджетке төледі», — деп мәлімдеді прокуратурадан.

Фото: Бас көлік прокуратурасы


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора