Сотталғандармен бір дастарқанда отырған полицейлердің суреті жарияланды (видео)

«Қазақстан Ішкі істер министрлігінің бүкіл жүйесін сипаттайтын тамаша фотосурет. Балқаш түрмесіндегі сотталғандар полиция жолдастарымен бірге камера ішінде жайылған мол дастарханда бірге отырады. Ал сіздер колониялар мен түрмелерде телефондар, есірткілер, ішімдіктер, жезөкшелер қайдан пайда бола кетеді, қаладағы ұрлық пен тонау оқиғалары неге анықталмай жатыр деп сұрай бересіздер. Мұның бәрі ақшаның көмегімен оңай шешіледі. Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің бастығы қандай болса, оған бағынышты мекемелердегі жеке құрам да сондай…» — деп жазды Руслан Лазута.

Фото-видеоға қатысты әзірге жауапты орган өкілдері пікір білдірген жоқ.

«ozgeris.info»