Атырау облысында жүздеген тонна шөп жануда

Атырау облысында жүздеген тонна шөп жануда, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Бүгін Құрманғазы ауданында Қаракөл ауылының шетінде ашық аумақта 250 тоннаға жуық шөп жанып кетті», — делінген жексенбі күні хабарламада.

 

Ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Мал қауіпсіз жерге айдалды. Өрттің себебі анықталады.