Қазақстандық спортшы 2024 жылғы Олимпиадаға екінші лицензия алып келді

Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ещенко 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға қатысу үшін ұлттық құрамаға екінші лицензия алып келді.

 

Қазақстандық Катардың астанасы Дохада өткен іріктеу турнирінде табысты өнер көрсетті. Ол «скит» пәні бойынша өнер көрсетті. Эдуард Ещенко іріктеу кезеңінен өтіп, жарыстың ақтық бөлігіне шықты.

 

Финалдық бөлікте ол есепте үшінші орынды иеленді. Қола медальді жеңіп алу спортшыға Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік берді. Бұл бағыттағы алғашқы лицензияны бұрын қазақстандық Мария Дмитриенко жеңіп алған болатын.

 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 27 жасар отандық семсер Әйгерім Сарыбай елімізге олимпиадалық лицензия ұтып алды. Ол азиялық іріктеу турнирінде жеңіске жетті.