Жетісу облысында 29 жастағы жігіт 23 сәуір күні жоғалып кеткен. Әкесінің айтуынша, баласы мал бағуға шығып, қайтып оралмаған.
Дәл осы күні із-түзсіз жоғалған адамның жылқысы Жаңалық ауылынан табылды – ауылдар арасында Көксу өзені ағып жатыр. 27 сәуір күні өзеннің түбінен жас жігіттің денесі табылды.
Сондай-ақ Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 39 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, деп жазады «Диапазон».
Туыстарының айтуынша, ол да атпен Қарақоға аймағына мал бағуға барып, қайтып оралмаған. 26 сәуірде полицейлер оның денесін Ырғыз өзенінен тапты.
ПІКІР ЖАЗУ