Қазақстанда 37 мыңға жуық адам өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) баспасөз қызметі.
«36 745 адам өз үйлеріне оралды. Эвакуациялық пункттерде 6 909 адам қалып отыр. Су тасқыны басталғалы бері 119 220 адам құтқарылып, эвакуацияланды, оның ішінде 44 776 бала «, — делінген сенбі күнгі хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, 6 148 тұрғын үйдің және 2 794 аула аумағының суы сорылып шығарылды.
Жедел желі телефонына 2 241 қоңырау келіп түсті.
ПІКІР ЖАЗУ