Мөлдір Әуелбековаға ғашық жігіттер әншінің ажырасқанын білген соң, әрекетке көшті. Әншіге бейтаныс азамат гүл шоқтарын жіберген. Әуелбекова гүлді қабыл алғанын жеткізді, деп хабарлайды ozgeris.info порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Әуелбековаға ғашық жігіт әнші тұрмыс құрмай тұрып та хабарласып тұрған. Өнер иесі отбасылы болған соң, ізін суытқан. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Осыдан екі жыл бұрын бір кісі сөз айтып хабарласатын. Кейін мен тұрмысқа шыққан соң, ол жігіт хабарласуды қойды. Бүгін сабақ өтуге барсам, бір жігіт гүл ұстап тұр. «Мен бұрын сізге хабарласып тұратын жігітпін ғой» деп атын айтты. Гүлін қабылдап алдым. Жарайды, көңіл ғой», — деді Мөлдір Әуелбекова.
Гүлді алғанымен, әнші жігіттің көңілін қабылдамағанын жеткізді. «Жүрегім тас әрі қола болып қалды» деген Мөлдір:
«Айтайын дегенім, құрметті маған сезімін білдіргісі келетін жігіттер, уміттеріңізді үзіңіздер», – деді.
ПІКІР ЖАЗУ