Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй займдарына көзделген қаражатқа қатысты түсінік берді.
«Жылдық 2 және 5% мөлшердегі жеңілдікпен тұрғын үй ипотекасына 7 мыңға жуық займ беруге 81 млрд теңге бөлінді. Ал «Отау» ипотекалық бағдарламасы бойынша 9%-бен 150 млрд теңге сомасына 8 мың қарыз беру көзделіп отыр», — деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында сауалға жауап бере отырып.
Сондай-ақ, министр «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 100 млрд теңге сомасына 5 мыңға жуық займ берілетінін айтты.
«Осылайша биыл тұрғын үй құрылысын дамытуға 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл 64 мың азаматтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді», — деп толықтырды ведомство басшысы.
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
ПІКІР ЖАЗУ