Қытайдың Гуандунь провинциясының билігі 127 миллион адамды тасқыннан қорғау жоспарын жасақтады.
Қатты жауған нөсер жаңбырдан үлкен өзендердің суы соңғы 50 жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілген. Сондықтан провинция аумағында 110 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Алайда 40 мыңдайы су басқан аудандардан кете алмай жатыр.
«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, су апатынан 4 адам қаза тауып, оннан астам тұрғын кеткен.
ПІКІР ЖАЗУ