«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін 839 млн теңгеге әкімдіктердің облигацияларын сатып алады, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.
Бұл қаржыға 7,6 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл 2033 жылға қарай қажеттіліктің 9% -ға жуығы.
«Холдинг сондай-ақ бюджеттен бөлінген қаражатқа сәйкес үкіметтік бағдарламалар шеңберінде кезекте тұрғандарға жеңілдікті несие беруді жалғастыруға ниетті», — делінген хабарламада.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» холдингінің еншілес ұйымы жақын арада халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 272 млрд теңгеге жекешелендіру құқығымен жалға берілетін тұрғын үй сатып алу бағдарламасын іске қосады.
2023 жылдың соңында Қазақстанда тұрғын үй кезегінде 646 мың адам тұрған. 10 жылдан кейін кезекте тұрғандар саны 1,3 млн-ға жетеді деп күтілуде
«Бұл көлемді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін даму жоспарын жүзеге асыру кезеңінде 79,3 млн шаршы метр немесе жыл сайын 7,9 млн шаршы метр тұрғын үй салу қажет», — деп хабарлады холдингте.
ПІКІР ЖАЗУ