Бүгін Мәжіліс депутаттары палата отырысында Қазақстандағы мопедтердің жүргізушілеріне жаңа талаптар енгізілетін заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Заң жобасын депутат Екатерина Смышляева ұсынды.
Заң жобасына сәйкес Қазақстанда:
- қозғалтқышының көлемі елу текше сантиметрден кем мопедтерді мемлекеттік тіркеуді енгізу;
- мопедтердің жүргізушілеріне қойылатын талаптарды белгілеу;
- жергілікті атқарушы органдарға электр самокаттарын пайдалану тәртібін айқындау жөніндегі құзыреттерді беру;
- Жол қауіпсіздігін цифрландыру жөніндегі нормаларды енгізу.
- Бұдан басқа, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс шеңберінде:
- рұқсат етілген жылдамдықтан едәуір асатын тұлғалардың жауапкершілігін қатаңдату енгізіледі;
- Мопедтің жүргізушілері механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне теңестіріледі;
- Лауазымды адамның жолдар мен жол құрылыстарын ұстауға байланысты қайталап құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілігі артады.
ПІКІР ЖАЗУ