Астанада Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

17-21 сәуір аралығында Астанада «Eurasian Book Fair» Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

«Eurasian Book Fair» – еуразиялық кеңістіктегі ірі мәдени-ағартушылық іс-шара. Ол бір үлкен зияткерлік платформада Еуропа мен Азия елдерінің баспа, кітап сату, ғылыми-білім беру және полиграфиялық компанияларын біріктіреді.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырады.

«Eurasian Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

— Еуразия кеңістігі мемлекеттерінің мәдениетін, әдебиетін және кітап шығарудың түрлі салаларын дамыту саласындағы жетістіктерін көрсету;

— халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарды нығайту және рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығын дамыту;

— кітапты насихаттау, оқуды қолдау, дамыту және насихаттау, оқырман мәдениетін қалыптастыру;

— әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің үздік заманауи ассортиментін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну.

Көрме-жәрмеңке 17-21 сәуір аралығында Гейдар Әлиев көшесі, 12, Конгресс орталығында өтеді.

Фото: gov.kz


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают мгновенно! В 55 лет можно выглядеть на 25...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...