@dauletten Instagram парақшасында бір адам әйелін ұрып жатқаны туралы бейне шықты (Бейнеде боғауыз сөздер бар). Автордың айтуынша:
Бұл оқиға Алматы облысында орын алған. Оқиғаның куәгерінің (көршісі) айтуынша әйелі құқық қорғау органдарына хабарласқысы келмепті. Оқиға жайлы полиция қызметкерлеріне жеткізілген. Ары қарай міндетті жауапкершілікке тартылуы тиіс.
«Жанында жерде комбинезонда сәби жатыр. Күйеуі бейтаныс адамдардың көзінше әйелін балағаттап, ұрып-соғуда. Ал әйел полицияға хабарласқысы келмейді», — делінген «Не молчи» қоры таратқан хабарламада.
Бүгін ғана президент тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қол қойды. Оған сәйкес денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Бұдан былай ӘЙЕЛДІ ҰРУ ҚЫЛМЫС САНАЛАДЫ.
ПІКІР ЖАЗУ