Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен Нұра ауылындағы жер үйіндісі шайылды, деп хабарлайды «Диапазон» басылымы.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеше кешке қарай ауылға су келіп түсе бастады. Бөгет бұзылғанға дейін мұнда 1100 қап топырақ төселіп, 390 тонна инертті материал әкелінді.
Бөгеттің жарылуына бірнеше күн қалғанда Нұрадан 570-тен астам адам эвакуацияланды. Қазір сол жерде 126 адам тұр, олардың 119-ы ауылдың ер азаматтары, олар ауылды құтқару үшін қалды. Сондай-ақ жағдайды зерттеу үшін оқиға орнына ТЖД бастығы МИ-8 тікұшағымен ұшып кетті.
Фото: diapazon kz/Ақтөбе облысының әкімдігі
ПІКІР ЖАЗУ