Петропавлда дамба бұзылды

Журналист Асхат Ниязовтың айтуынша, бүгін Петрповлдың дамбасы бұзылып, су Подгора ауданын басып жатыр.

«Дамба бұзылды. Подгора ауданын су басып жатыр. Қалада әлі су жоқ, және электр қуаты дұрыс бармай жатыр…» дейді,- журналист Асхат Ниязов

«За нами уже выехали» телеграм парақшасына бұл жағдай туралы оқырмандары айтыпты.

«Көп су келер алдында соңғы күндері шұғыл қорғауға тырысып жатқан барлық нәрселер қазір батып жатыр. Қазір қала Пёстрое көлінен үйлерге техникалық су жеткізудің баламалы желісін ұйымдастырады. Күтіп отырмыз. Ауыз су да қала бойынша автоцистерналармен жеткізіледі. Сондай-ақ, дүкендерге бөтелкедегі суды күтіп отырмыз, қазір қалалық дүкендерде бөтелке су жоқ.»,- деді «За нами уже выехали» оқырмандары.

Видео: «ОБОЖАЮ» телеграм парақшасынан