Президент Тоқаев қазақстандықтарды ғылым күнімен құттықтап бірнеше маңызды мәлімдеме жасады:
- Бүгінгі күн өте ерекше-академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы. Оны қазіргі қазақ ғылымының атасы деп атауға болады.
- Су тасқыны тақырыбына тоқталды: жалпы, жағдай өте күрделі, бірақ су тасқыны жағдайы бақылауда. Қазіргі таңда басқа елдер де табиғи апаттардан зардап шегуде
- .Су тасқыны елімізде білікті мамандар мен ғалымдардың тапшылығын көрсетті.
- Өкінішке орай, біздің елімізде ғылымның дамуына ондаған жылдар бойы тиісті көңіл бөлінбеді.
- Біз апаттан зардап шеккен адамдарға барлық қажетті қолдауды көрсетуіміз керек. Бұл жұмыс үлкен шығындарды талап етеді. Бірақ біз халық алдындағы барлық міндеттемелерімізді толығымен орындаймыз. Бұл біздің міндетіміз.
- Өткен жылы үш жыл ішінде ғылымды дамытуға 625 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Болашақта мемлекет ғылым бюджетін жоспарлы түрде ұлғайтуды жалғастырады.
ПІКІР ЖАЗУ