Экономикалық тергеу департаментінде хабарлағандай, іске қатысы бар адамдар локомотивтерге май құймай, жиналған артығын сатқан.
Жедел тексеру барысында жалпы сомасы 6 317 887, 94 теңгеге дизельдік майлар ұрланғаны анықталды. Майды «ҚТЖ — Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлері «ТД ТЭК-Қазақстан» ЖШС жанындағы Қарағанды-Сортировочная станциясындағы отын қоймасының бастығымен сөз байласып ұрлады.
«ҚТЖ — Жүк тасымалы» ЖШС локомотив депосының қызметкерлері локомотивтерге қызмет көрсету үшін теміржол станциясына май жеткізетін жеке фирманың өкілімен сөз байласты. Ұрлыққа отын қоймасының бастығы да қатысты.
Ұрланған істі қараушылар литріне 400-500 теңгеден сатқан
ПІКІР ЖАЗУ