Биыл көптеген инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Республика халқы арасында жүргізіліп отырған профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде 42 инфекциялық ауру, оның ішінде оба, дифтерия, полиомиелит сібір жарасы, іш сүзегі, құтырма, туляремия, сіреспе тіркелген жоқ.
26 инфекция, оның ішінде коронавирус инфекциясы 5 есе, скарлатина 27,5% (жиырма жеті бүтін оннан бес пайызға), бруцеллез 25%, ротавирустық инфекция 23%, эхинококкоз және лямблиоз 21% , энтеробиоз 15,5%, сальмонеллез 9% төмендеді.
Биыл наурызда ақпанмен салыстырғанда қызылшамен ауыру көрсеткіші 33% төмендегені байқалады.
Фото: gov.kz
ПІКІР ЖАЗУ