Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев ел өңірлеріндегі су тасқынымен күресуге депутаттар да үлес қосып жатқанын айтты.
Сенат Төрағасы бұл сынақтан бірігіп әрекет етіп қана шыға алатынымызды атап өтті.
«Қазір еліміздің су басқан өңірлерінде табиғи апаттың салдарын жою жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Тасқынға тосқын болу – ортақ іс. Сондықтан бұл жұмысқа бүкіл ел болып жұмылып жатқанын көріп отырмыз. Аймақтарға арнайы барған Сенат депутаттары да қарғын сумен күреске белсенді атсалысып, өз үлестерін қосып жүр. Әрдайым осылай ұлт болып ұйысып әрекет етсек қана кез келген сынақтан сүрінбей өтеріміз анық», — деп жазды Мәулен Әшімбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
ПІКІР ЖАЗУ