Индустрия және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің екі түрлі жобасын әзірледі.
Біріншісі — ауданы 80 шаршы метр болатын үш бөлмелі жеке тұрғын үй. Екіншісі – 160 шаршы метрді құрайтын екі пәтерлі тұрғын үй.
Әзірленген тұрғын үйлердің алдын ала жобалары мемлекеттік сараптамадан өтуде, бұл барлық өңірлерде стандартты тәсілді қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс келесі аптаның соңына дейін аяқталып, мемлекеттік сараптаманың қорытындысымен типтік жобалар epsd.kz сайтында таныстырылады», — деді ОКҚ брифингінде ведомствоның ресми өкілі Меруерт Ибраева.
ПІКІР ЖАЗУ