Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғалымдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясымен бірлесіп, тотығуға төзімді күміс нанобөлшектерін алудың тиімді технологиясын жасау үшін екі жылға жуық жұмыс істеп келеді. Жақында атқарған жұмыс нәтижелерінің бірі – бактерияға қарсы және зеңге қарсы қасиеттері жоғары вирусқа қарсы маскалар ойлап тапты.
Бүгінгі таңда жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) әлемдегі ең көп таралған аурулар болып табылады. Олар вирустың 200-ден астам түрінен туындайды және кейбір жағдайларда қоздырғыштардың бірнеше түрінен бір уақытта туындауы мүмкін. Вирусқа қарсы әсері бар жоғары тиімді препараттар әлі ойлап табылған жоқ. Көптеген дәрі-дәрмектер вирустардың көбею процесін тежейді, бірақ оларды жоймайды. Сонымен қатар, вирустар мутацияға және емдеуге төзімділікті дамытуға қабілетті.
Вирустар тудыратын аурулардың таралуымен күресу медицинаның өзекті міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл бағытта Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ мен ҚР Ұлттық Ғылым академиясының ғалымдары күш-жігерлерін біріктіру туралы шешім қабылдаған. Қазақстандық ғалымдар күміс нанобөлшектерін пайдаланып, масканы тиімдірек етуді көздеген.
Антивирустық белсенділікке және коронавирусқа сынақтар әлі жүргізілген жоқ. Бірақ ғалымдар күміс нанобөлшектері бар маскалар оларға қарсы тиімді болады деп сенуге толық негіз бар деп отыр. Сонымен қатар, маска өзін-өзі тазарту қабілетіне ие болуы мүмкін. Сондықтан оны келесі күні де қолдануға болады.
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
ПІКІР ЖАЗУ