«Қазақстан халқына» қорының қамқоршылық кеңесі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көлемін 5-тен 10 миллиард теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Бұл қаражат ауылдық жерлерде үй салуға жұмсалады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, 1 сәуірден 30 сәуірге дейінгі кезеңде заңды және жеке тұлғалардың қор шоттарынан түскен барлық қайырымдылық көмек зардап шеккендерге үй салуға жұмсалады. 9 сәуірдегі жағдай бойынша азаматтар мен кәсіпорындардан 970 млн тг жиналған.
«Қордың қаражаты мен жиналған қаржының арқасында 430-дан астам үй салуға болады. Жаңа донорлардың белсенді қатысуымен, «Қазақстан халқына» қоры олардың санын айтарлықтай арттыруды күтуде. Қираған тұрғын үйлерді қалпына келтіру қажеттілігін ескере отырып, «Қазақстан халқына» қоры мүдделi азаматтар мен заңды тұлғаларға Мемлекет басшысының зардап шеккендерге көмек көрсету үшiн қаражат жинау туралы бастамасын қолдауларын сұрады. Қор тек өздерінің ресми сайтында көрсетілген шоттарды және қайырымдылық мәліметтерін пайдаланулпрын сұрайды», — делінген хабарламада.
Жеке тұлғалар үшін аударымдар банктердің мобильді қосымшаларында «Қайырымдылық» бөлімінде қолжетімді екені атап өтті. Донорлар мен қайырымдылық сомаларының көлемі , сондай-ақ құрылыс барысы туралы ақпарат қордың сайтында орналастырылған.
ПІКІР ЖАЗУ