Абай облысында 7 сәуірде Семейде әпкелі-інілі бір үйдің балалары жоғалып кетті.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, олар 7 сәуірде сағат 15:00 шамасында Семей қаласындағы Восточный левый елдімекеніндегі үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен.
Берілген нұсқаулыққа сәйкес, жоғалғандар – 2005 жылы туылған Алтынай Әбішева және 2008 жылғы Абзал Әбішев.
«Алтынайдың белгілері: бойы — 160-165 см, дене бітімі – арық, шашы қара. Үстінде етегі тізеге дейін жететін жасыл болон курткасы, қара түсті футболкасы, қара түсті кроссовкасы бар. Абзалдың белгілері: бойы – 175-180 см, дене бітімі – арық, шашы ашық түсті, оң көзінің астында тыртығы бар. Үстінде – қара түсті жеңсіз күртеше, көк түсті футболка, қара түсті джинсы, қара түсті кроссовка. Егер суреттегі жасөспірімдердің орналасқан жерін білген болсаңыздар, 102 телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз», — делінген хабарламада.
Фото: Абай облысы ПД
ПІКІР ЖАЗУ