Тасқыннан зардап шеккендерге сөзбен емес, ісімізбен қолдау білдірейік — Серік Сәпиев

Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Instagram желісіндегі парақшасында еліміздегі су тасқынына қатысты пікір білдірді. 

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасап, зардап шеккен әрбір адамға көмек көрсетілетінін айтты. Біз өз кезегімізде Астанадағы волонтерлермен және белсенділермен бірге қаражат жинап, зардап шеккен аймақтарға жүк көліктерін жөнелтіп жатырмыз, яғни, қоғам болып, бар күшімізді салудамыз. Сондықтан, қымбатты достар, бірлігіміз мықты болып, біріге жұмылайық. Қиындықтарды бірге жеңейік. Себебі, бәрі өтпелі. Бұл қиындықтан да өтеміз.

Құрметті отандастар! Еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендерге сөзбен емес, іс жүзінде көмек көрсетейік!» — деді Серік Сәпиев.

Фото: inbusiness.kz


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!