Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зардап шеккен азаматтар мен шағын және орта бизнесті қолдау шаралары қалай жүзеге асырылатыны туралы хабарлады.
Ақпарат:
— су тасқынынан зардап шеккендерге жатқызылған барлық азаматтарға 2024 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін 3 айға несие төлемдерін автоматты түрде кейінге қалдыру ұсынылады;
— зардап шеккен азаматтардың несиелері бойынша су тасқыны зардаптарының әсерінен туындаған уақтылы төлемдер үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар алынбайды;
— зардап шеккен барлық жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ су тасқыны шаруашылық қызметін тоқтатуға әкеп соққан шағын және орта бизнес субъектілеріне олар берген өтінішті ескере отырып, несиелік төлемдерді төлеу мерзімін ұзарту беріледі.
ПІКІР ЖАЗУ