ЖОЛЫ ЖОҚ АҚТӨБЕ ШАХАРОВҚА ҮМІТ АРТУДА

3 сәуір күні блогер Мадияр Тельгозин өзінің жеке парақшасына Ақтөбенің жолы туралы бейне салды.

«Ақтөбеде мүлдем жол жоқ! Мен Қазақстанның қанша қаласында болдым, бірақ мұндай жолды бірінші рет көруім»,- дейді блогер.

Жол жаман болғанымен, Ақтөбенің халқы облыс әкіміне сенім артып жатқанын да айтып өтті.

«Мен халықтан сұрадым, мына жол не сұмдық? Олар жолдың ешқашан болмағанын айтты, алайда бұрынғы Ақтөбе қаласының әкімі облыс әкімі болғанына 6 ай болды, ол жолды істеп беретініне сенеді екен».

Мадияр Тельгозиннің салған видеосы: https://www.tiktok.com/@telgozin/video/7353581744299199749