Ақтөбе облысының әкімдігінде әлеуметтік сала сұрақтары талқыланды

Ақтөбе облысының әкімдігінде әлеуметтік сала сұрақтары талқыланды, деп хабарлайды «ozgeris.info».

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин құрылыс, сәулет және қала құрылысы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, ауыл шаруашылығы, ветеринария басқармаларының басшыларын қабылдады.

Басшылар 2021 жыл ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысын, сонымен қатар, 2022 жылға арналған жоспарлары жайында​ баяндады.​

Күннің екінші жартысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тілдерді дамыту, ішкі саясат, дін істері басқармаларының басшылары қатысқан есепте маңызды әлеуметтік блок талқыланды.

Жиын барысында әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдау, халықты жұмыспен қамту, тілдерді дамыту, дін істері саласына және т.б.​ қатысты жұмыстардың нәтижелері​ қаралды.​

Жиын соңында облыс әкімі мемлекеттік орган басшыларының назарын барлық тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуына аударып,​ бірнеше тапсырма берді.​

 

 «ozgeris.info»