Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті.
«Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 — негізгі құрам, 2 — қосалқы.
Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылдың 27 наурызында сағат 16:00–ге белгіленді», — деп жазды Жоғарғы соттан.
Фото: Астана соты баспасөз қызметі
ПІКІР ЖАЗУ