Оның үшеуі — бала. Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін сағат 14:15–те Павлодардағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Жедел құтқару жасағы пәтер терезесінің металл торларын бұзып, сол жерден 2 ересек адамды құтқарды, сондай-ақ 3 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды. 8 адам өз бетінше далаға шығып үлгерген. Орнатылған автосаты бойынша 5-қабаттан бір қыз құтқарылды» деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.
Өрт сағат 14:39–да сөндірілген, адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін жеке құрамның 25 адамы және 9 техникасы, сондай-ақ ЖҚЖ және АМО қызметкерлері жұмылдырылған.
ПІКІР ЖАЗУ