21-22 наурыз мереке күндері қалалық қоғамдық көліктерде Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары тегін тасымалданады.
«Наурыз мерекесіне орай қала аумағында мыңға тарта қоғамдық көлік 77 бағытта жолаушыларды тасымалдаумен айналысады» — делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ, Наурыз мерекесіне орай, 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК, ал қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек беріледі.
ПІКІР ЖАЗУ