Риддерде дәрігер қайтыс болған адамның атына трамадол жазып беріп отырған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында қайтыс болған адамның атына психотроптық заттарға рецепт жазып отырған дәрігерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

ШҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, прокурорлық тексеру барысында Риддер қалалық ауруханасында есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактісі анықталды.

«Трамадол — елімізде психотроптық заттардың тізімінде. Оны онкологиясы бар науқасқа дәрігердің рецепті бойынша ғана өткізуге және беруге рұқсат етілген. Қалалық аурухананың онколог-дәрігері аталған талаптарды бұзып, психотроптық препаратты онкология ауруынан қайтыс болған адамға тағайындаған. Содан соң рецептті психоактивті заттарды қолданатын басқа адамға беріп отырған» делінген ақпаратта.

Риддер қаласының прокуроры есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзған дәрігерге қатысты ҚР ҚК-нің 303-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Фото: Pixabay


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…