Алматыда тойханалардың бірі мемлекеттік мекемеге айналды

Алматыдағы тойханалардың бірі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы болып қайта ашылды. Бұл жаңалықты желі қолданушылары тойхананың мемлекеттік мекемеге өтуін мазаққа айналдырған, деп хабарлайды «ozgeris.info» «Экспресс К» сілтеме жасап.

Дүркіретіп той өткізген тойхананың мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына айналғанын тілші Ришат Асқарбекұлы өзінің Facebook парақшасында жазды. Жүктелген бірнеше суреттен тойхана ішіндегі жағдайды көруге болады. Қонақтарға арналған орынды қызмет көрсету алаңына, ал жас жұбайлар отыратын төрді лед-экранға ауыстырған.

Үлкен тойханалардың бірі АвтоЦОН-ға айналыпты. Жетісу базарындағы ХҚКО енді осы тойханаға көшкен. Кәсіпкер тойдан толк жоқ болған соң, тәпішкесін ауыстырған болуы керек. Бұқтырма көшесінде ондаған жаңа той сарайлары салынды. Пандемия оңдырмады, —деп жазған.

Оның бұл жазбасына пікір қалдырған желі қолданушылары көп. Көпшілігі «кезекті үлестіріп асаба жүрген жоқ па, әншілер көрінбейді ғой» деп бұл жаңалықты мазақтауда.

 

«ozgeris.info»