Қазіргі таңда күдікке ілінген 29 жастағы әйел қамауға алынды.
Базарда екі баласымен такси іздеп жүрген әйелді көрген күдікті көмектеспек болған. Содан жәбірленушінің 8 айлық сәбиін қолына алып, таксиге дейін шығарып салған. Жол бойында күдікті байқатпай нәрестенің құлағындағы алтын сырғасын шешіп алған. Содан көп ұзамай ломбардқа өткізіп жіберген.
Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 29 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.
«Тәртіп сақшылары сырғаны тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда әйелдің бұдан басқа да қылмысқа қатыстылығы тексеріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
ПІКІР ЖАЗУ