Ақсуда сауда үйінде батут өртенді. Оқиға таңертең, сауда үйі жұмыс істемей тұрған уақытта болған. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Төтенше жағдай қызметіне бүгін таңертеңгілік Ақсу қаласының Мәметова көшесі, 11 мекенжайындағы сауда үйінде батут өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 10 адам мен 2 техника дереу жетті. Өрт сөндіру бөлімшелері түтіннің 2-қабаттан шығып жатқанын анықтады. Сауда үйінде адам болмаған», — деп мәлімдеді департаменттен.
Сағат 09:12-да өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Фото: freepik.com
ПІКІР ЖАЗУ