Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық татами шебері Данияр Шамшаев жартылай финалға шықты.
73 келіде ел намысын қорғап жатқан спортшымыз ширек финалда ресейлік Махмадбек Махмадбековті жеңді. Ол іріктеу кезеңдерінде Қырғызстан және Словения балуандарын жарыс жолынан тайдырған болатын. Енді Шамшаев жартылай финалда Ресей балуанымен белдеседі.
Осы салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық балуан Асқар Нарқұлов Польша балуанынан айласын асырды.
Сондай-ақ, бүгін 81 келі салмақта белдескен Абылайхан Жұбаназар алғашқы белдесуінде Ресей балуаны Давид Карапетянды айқын басымдықпен жеңді. Енді ол 1/8 финалда марокколық Ашраф Моуитимен бақ сынасады.
81 келіде сынға түскен екінші балуанымыз Руслан Мұсаев Өзбекстан балуанына ұтылып жарысты ерте аяқтады.
Әйелдер арасында 63 келіде Кристина Сотникова Италия балуанына есе жіберді. Осы салмақта күресуі тиіс болған Есмигүл Құйылова татамиге шықпай қалды.
Фото: ҰОК
ПІКІР ЖАЗУ