Қазақстандық танымал ауыр атлет Илья Ильин әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан сүйінші сұрап, сәбилі болғанын жеткізді.
«Сүйінші! Қазақ елі! Танюша екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтауға болады. Қазақстанның және әлемнің жаңа азаматы Ильина Аили Ильинична деп аталады. Бізде жоспарлы кесарево болды, бәрі жақсы өтті. Бойы — 50 см, салмағы — 3 кг 178 г. Бізді қолдаған жандарға алғысымыз шексіз. Сендерді қатты жақсы көреміз», — деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бұл Илья Ильиннің екінші некесінен туған қызы. Оның алғашқы әйелі қазақстандық гандболшы Наталья Кулакова болған. 2009 жылы ерлі-зайыптылардың Милан есімді қызы өмірге келеді. Алайда, 2017 жылы Илья мен Наталья ажырасып кетті.
ПІКІР ЖАЗУ